Accessibility links

Белорус президенті Александр Лукашенко алькоголді ішімдіктерге қарсы соғыс ашпақшы


Белорусия кейбір елдерде қоғамға қауіп төндірген ішімдікке қарсы күресті бастап отыр.Осыған байланысты ішкі істер министрлігі алкогольді ішімдіктерді пайдалануды азайтуға бағытталған президенттік қаулы жобасын дайындады. Оның ішінде, қоғамдық орындарда ішімдік ішуге тыйым салынады. Сонымен қоса ол қаулыда жастарға сыра сатуға айыппұл салынатыны жайлы және арақ пен сыраны жарнамалауды шектеу туралы айтылған.

Белорусияда ішімдік ішу мәселесінің күшейгені соншалық ұлттың болуына қауіп төндіре бастаған. Ішімдік ішуді шектеу туралы мәселені көтеріп жүрген әлеуметтанушы Михайл Залескийдің сөзіне қарағанда, мұндай проблема елдегі басты мәселеге айналған. Өйткені ресми статистикалық көрсеткіштер өлімнің ерте келуіне осындай себеп барын көрсетіп отыр дейді ол:

“Егер сіз статистикадан маскүнемдікті алып тастасаңыз, белорус еркектердің өмір сүру ұзақтығы жеті жылға ұзарады”.

Ішімдік мәселесі демографиялық құлдырауға да әкеледі. Мәселен, Белорусияда ерлердің өмір сүру ұзақтығы 63-жас болса, әйелдердің жасы 75-ке барады. Ал, көрші Польшада ерлер 70, әйелдері 79- жасқа дейін өмір сүреді. Сонымен қоса, Белорусияда өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары бойынша Еуропада ең жоғары орында тұр. Әлеуметтанушы маман Залескийдің айтуынша, жиырмасыншы ғасырдың басында 100 мың адамның бесеуі ғана өзіне қол жұмсап өлтірсе, қазір ол 60-қа дейін өсіп кеткен және қарқынды түрде өсіп барады. Оның сөзіне қарағанда, әлеуметтанушылар мен дәрігерлер оның басты себебі ішімдік екенін айтады.

Белорусиядағы әлеуметтік экономикалық және саяси зерттеулер институты директорының орынбасары Александр Соснов, коммунизм құлаған соң, шығыс еуропалық елдер ішімдік ішу әдетін қойып, тек шарап пен сыраға өткен дейді. Бірақ, бұл жағдай сыра ішу бұрынғыдан бетер кең тараған Белорусияда болмай, алкоголді ішімдік ішу азаймай отыр.

“Адамдар сыра ішеді және ол әрбір қадам басқан жерде сатылады. Бұл жағдай бұрынғы совет кезіндегідей емес. Әр жерден ішімдік ішкен адамды көресіз. Сіз оларды маскүнем деп айта алмайсыз, өйткені олар көшеде немесе дуал маңында құлап жатқан жоқ, бірақ ол адамдар ішімдікке тәуелділер”, - деді Александр Соснов.

Бүгінде сыра ішіп немесе көшеде сыраны қолдарына құйып отырған жастарды көру қалыпты жағдай болған. Олардың көбі сыраға арақты араластырып ішеді. Тіпті бұл туралы, “арақсыз сыра - ақшаны босқа шашу” деген қанатты сөз бар. Сосновтың айтуынша, алкоголді ішімдікпен келетін бақыт совет кезіндегіден арзандап кеткен:

“Біз ішімдіктің орташа жалақы көлеміне қатысты көрсеткішін сараптадық. Онда жергілікті ішімдіктер бағасы төмен. Сіз совет дәуірімен салыстырғанда, сол жалақыға кез-келген жерден көп ішімдік сатып ала аласыз”.

Залескийдің пікірінше, Батыс еуропалықтардың ішінде белорустер ішімдікті проблемалардан, шынайылықтан құтылу үшін ішеді.

“Адамдар алкоголді ішімдіктің бәрін ішеді. Олар оны сатып ала салып ішеді. Бұл ішудің қазіргі мәдениеті. Дүкендер алкоголдьді ішімдікті күні-түні сата береді. Ол бос бөтелке немесе ескі қағаздар қабылдайтын жерде де осындай. Адамдар арақты сатып алған жерде ішіп тұрады. Мен оны күнде көріп жүрмін”.

Енді жоспарланып отырған шектеулер совет өкіметі кезіндегі 1985 жылғы Михайл Горбачев енгізген алкоголді ішімдікке қарсы науқанмен салыстырылып отыр.

Сарапшы Соснов, Белорус президенті Александр Лукашенко Горбачев сияқты алкоголді ішімдікпен күресте жеңіліс тауып, танымалдылығын азайтуы мүмкін дейді.

Мемлекеттің ең үлкен кірісі - алкоголді ішімдік сатудан түсетін болғандықтан, мемлекет оны жоғалтқысы да келмейді. Сонымен қатар, Лукашенконың жаңа қаулысы Горбачев заманындағыдай елде заңсыз ішімдік жасау қаупін тудырады, дейді сарапшылар. Сондай-ақ, Ресей телеарналарының жарнамалары бұл елде берілетін болғандықтан, алкоголды ішімдіктер туралы жарнамаларға тыйым салу мүмкіндігі аз екені айтылуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG