Accessibility links

Халықаралық қауымдастық Израильдің Қанадағы шабуылына байланысты күйініш білдірді


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ливанның Қана қаласына жасалған Израиль шабуылдарына байланысты күйініш білдірді. Ол шабуылдардан кемінде 54 адам қаза тапты. Көбі әйелдер мен балалар. Бірақ Қауіпсіздік Кеңесі атысты тезарада тоқтату керек деп айтпады. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан ұзаққа созбастан бітім орнатуға шақырған болатын бірақ АҚШ бұған қарсылық білдірді. Бүгін Израиль ұшақтары Ливанның шығысына рейд жасады деп хабарланды, бірақ Израиль әскері бұл мәліметті жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG