Accessibility links

Израиль әскерлері “Хезболлаһ” соғысушыларымен шайқасты


Бүгін Ливанның шығысында Израиль әскерлері мен “Хезболлаһ” соғысушылары арасында қақтығыстар болды. Израиль әскері Баалбектің жанында орын алған шайқастан олар жағынан ешкім зардап шекпегенін және бірнеше соғысушыны ұстап алып кеткенін хабарлап отыр, бірақ бұл мәлімдемені “Хезболлаһ” жоққа шығарды. Сонымен қатар, бүгін Израиль ұшақтары Ливанның әскери базасына шабуыл жасады, оның салдарынан үш жауынгер құрбан болды.
XS
SM
MD
LG