Accessibility links

Израильдың Хадера қаласы маңайына соғылған Хезболланың 3 зымыранынан 3 адам қаза тапты


Хадер Тел-Авивтен 50 шақырымдай жерде. Ал Израильдың бейсенбі күнгі әуе шабуылдарынан Ливанда 40 шақты тұрғын құрбан болды. АҚШ президенті Дж.Буш телефон арқылы БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннанмен сөйлесті. Олар БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің Ливандағы соғысты тоқтату жөніндегі шешімі төңірегінде пікір алмасты. Британия бас министрі Тони Блэр бұл орайдағы келіссөздерді аяқтауға көмектесу мақсатында демалысқа шықпай отыр.
XS
SM
MD
LG