Accessibility links

Баспасөзге шолу. 08.05.2006 жыл


Сенбілік баспасөз есірткі сатқаны үшін 17 жылға сотталған полковниктің ісі туралы жазды. Сонымен бірге басылымдар Қазақстанда жайма барзарлар жабылып жатқандығына мән берсе, тағы бір газетте Үкімет жыл сайын ауылды дамытуға миллиард доллар бөлетіндігі туралы хабарланған.

Түркістан полициясының полковнигі Дәрібай Шалаев есірткі сатқаны үшін 17 жылға бас бостандығынан айрылғаны туралы «Комсомольская правда: Казахстан» газетінде былай деп жазды: «Дәрібай Шалаевты қауіпсіздік қызметіндегілер өткен жылдың қараша айында Кентау қаласында қылмыс орнында ұстаған болатын. Бүгінгі күні полковниктің есірткі саудасымен 2004 жылдан бері айналысып келгені белгілі болып отыр. Бір жарым жылдың ішінде Шалаев 17 келіге жуық героин сатып үлгерген. Осыған қатысты қылмыстық іс қағаздары жеті том болып, полковник Қылмыс кодексінің үш бабы бойынша сотталды» делінген «Комсомольская правда: Казахстан» газетіндегі мақалада.

Осы тақырыпқа орай «Казахстанская правда» айыпты деп табылған Д. Шалаев бірінші ретінде 4 келі героинді Ресей азаматы Мұса Әлиевке сатқандығы туралы жазды. Сол жолы қолма-қол ақшасын ала алмаған Шалаев жыл өткен соң жаңағы М. Әлиевке туыстас бір кісіден шетел мәшинесін есірткінің төлемі ретінде алған. 2004 жылы полковниктің 12 келі героинін әзірге полицияға белгісіз біреулер сатып алған. Кейінгі жылдары полковник тағы бірнеше келі героинді джипке ауыстыру жоспарларын құрып, оны сатып алмақшы болған қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің қолына түсіп қалған» деп жазды «Казахстанская правда» газеті.

«Егемен Қазақстан» газетінде Үкімет ауылды дамытуға жыл сайын миллиард доллар бөліп отыратындығы айтылған. Агроөнеркәсіп саласындағы табыстарды көрсетуге арналған «Қараөткел» жәрмеңкесінде Үкімет басшысы Даниял Ахметов ауылда бәсекеге қабілетті өнімдер шығарыла бастағандығын атап көрсеткен. Ал ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов болса қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өнімінің тек 20 пайызы өңделіп жатқандығын айтқан. «Жәрмеңкеде ұсынылған өнімнің барлығы әлемдік стандартқа сай келетінді» депті «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатында министр А. Есімов.

Бұл уақытта Алматыдағы базарлардың көбі жабылып жатқандығына «Казахстанская правда» газеті мән беріпті. Қалалық санитарлық қызметіндегілер 11 базарды жабуға қатысты материалдарды ауданаралық экономикалық сотқа жіберген. Қазірдің өзінде жеті базар жұмысын тоқтатыпты. Қалғандарына қатысты сот процесі әлі жүріп жатыр. Мемлекеттік шенеуніктердің пікірінше, қаладағы 77 базар қажетті ережелерге сай емес. Әкімшіліктегілердің жоспары бойынша бұзылған базарлардың орнына талапқа сай сауда орындары, саябақтар салынбақ. Бақылаушы органдардың Алматыдағы орталық әмбебап базар жұмысына сыны көп» делінген мақалада. – Үлкен базардан шыққан өткен жылғы өрт ондағы көп нәрсенің шикілігін ашып берді,- деген қалалық әкімшіліктің сауда бөлімінің бастығы Батырбек Бижанов. Соңғы жарты жылдың ішінде ғана тазалық қызметкерлері базардың жұмысына қатысты 110 айыппұл салған» деп жазды «Казахстанская правда» газеті.

Базарлары жабылып жатқан тек Алматы қаласы емес, сонымен бірге осындай іске Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі де кіріскендігін «Комсомольская правда: правда» газеті келтірген. Аталған отбылс әкімінің бірінші орынбасары Семей қаласына жұмыс сапарымен барып, қаладағы тазалық орталықтары мен ішкі істер басқармасындағыларға көшелердегі базар біткеннің барлығын жауып тастауға тапсырма берген. - Енді әжелеріміз көшеде шешімке сатып отырмайтын болады. Саудамен айналысқысы келген екен, сол үшін арнайы салынған базарларға барсын, - депті қалалық әкімшіліктегі мәжілісте Мағзам Баяндаров мырза. Олай болмаған жағдайда өз міндетін дұрыс атқара алмайтындар жұмыстан шығарылады. Билік өкілдерінің айтуынша, Семейде заңсыз сауда нүктелері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен» делінген «Комсомольская правда: Казахстан» газетіндегі мақалада.
XS
SM
MD
LG