НЬЮ-ЙОРК: Израиль-Ливан жанжалына байланысты БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі шешімінің Франция мен АҚШ ұсынған жобасына Израиль әскерін Ливаннан дереу шығару туралы ресми Бейруттың қойған талабы қабылданбады. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын АҚШ, Англия, Франция, Ресей және Қытай өкілдері кеше күн батқанда 1.5 сағат бойы кеңесіп, Қарар жобасына Ливанның осы талабын енгізу жөнінде ортақ пікірге келе алмады. Демек, ол құжаттың бүгін дауысқа қойылуы екіталай. Қарардың қазіргі жобасында Израиль әскерін Ливаннан дереу шығару талабы қойылмайды. Кеше Ақ үйдің ресми өкілі хабарлағандай, АҚШ президенті Дж.Буш Қарар жобасына байланысты бүгін мәлімдеме жасауға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өкіл әкенің" тұтқындалуы
Қырғызстан мен Өзбекстан ұйымдасқан қылмыспен қалай күресіп жатыр?
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
"Махмет ешкімге бейімделмейді". Қозыбаев Құлмағамбетті неге қаралады?