Accessibility links

Израиль Ливанға 10 мыңға жуық әскерін шоғырландырып отыр


ТАЯУ ШЫҒЫС: Бүгін таң сәріде Израильдің соғыс ұшақтары “Хезболлаһ” тобының Ливанның шығысындағы Сирия шекарасына жақын орналасқан базасына әуеден шабуыл жасады. Ливан полициясының хабарлауынша, бұл жорық шығыстағы Бекаа жазығы мен Сирия шекарасынан 10 шақырымдай жердегі Баальбектен шығысқа қараған төбелерді нысанаға алды. Онымен қатар Израильдің жаяу әскері күтпеген жерден Ливанның оңтүстігіндегі Хула ауылында “Хезболлаһқа” қарсы шайқасын жалғастырды. Хабарға қарағанда, Израиль Ливанға 10 мыңға жуық жауынгерін шоғырландырды.
XS
SM
MD
LG