Accessibility links

Ресми Мәскеу мемлекеттік департаменттің (АҚШ) іс-әрекетіне риза емес


МӘСКЕУ: Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Иванов елдің «Рособоронэкспорт» компаниясы мен «Сухой» атындағы авиаконцерніне қатысты жаза қолдану туралы АҚШ үкіметінің қабылдаған шешімін сынға алды. Оның сөзіне қарағанда, қаруды таратпау мәселесіне мемлекеттік департанттің іс-әрекетінің ешқандай қатысы жоқ. Ресейдің әлгі 2 компаниясына жаза қолданатыны өткен аптада жарияланды. Ресми Вашингтон Ресей кәсіпорындарын, сондай-ақ Үндістан мен Солтүстік Кореяның және Кубаның 5 компаниясын Иранға ядролық қару жасауға жарайтын материалдар сатты деп айыптады.
XS
SM
MD
LG