НЬЮ-ЙОРК: Франция БҰҰ-ы Қарарының жобасына Израиль мен “Хизболлаһ” тобының арасындағы шайқасты тоқтатуға шақыратын өзгерістер енгізуді ұсынды. Париж араб елдері мен Ливанның талабын ескеріп, жобаға Ливанның оңтүстігінен Израиль әскерін шығару туралы бапты енгізуге дайын. Бұл ұсыныс әлгі жобаны БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде дауысқа салуды кешіктіруі мүмкін. Бүгін кешірек Араб елдері Лигасының сыртқы істер министрлері БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне жүгінбекші. Ливан үкіметі, Израиль әскері кейін шегінісімен, елдің оңтүстік шекарасына 15 мыңдық әскерін орналастыратынын мәлімдеді. Ал АҚШ президенті Дж.Буштың айтуынша, БҰҰ-ының қабылдаған Қарары “Хизболлаһ” ұйымының тыныштықты бұзуына мүмкіндік бергенін Вашингтон қаламайды.
БҰҰ-ының Қарары “Хизболлаһ” ұйымының тыныштықты бұзуына мүмкіндік бергенін Вашингтон қаламайды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
-
Дәулетмұрат Тәжімұратов
"Билік өз қателері үшін жауапкершілікті белсенділерге артты". Түрмедегі қарақалпақ белсендісі
AzattyqTV