Accessibility links

Ливан оңтүстік аймаққа 15 мыңдай әскерін жайғастырмақ


Израиль бас министрі Олмерттің айтуынша, өзінің 15 мыңдай әскерін Ливанның оңтүстігіне орналастырмақ. Ливан егер Израиль Ливан аумағынан өзінің 10 мыңдай сарбазын алып кетсе, онда Ливан оңтүстік аймаққа 15 мың әскер жайғастырамыз деген тілек айтты.

– Бұл шешім үшін, арасында Хезболла тобынан екі мүше де бар, Ливан министрлер кеңесі бірауыздан дауыс берген. Бұл - Ливан үкіметіндегі өзара бірлікті білдіреді, бірақ Ливан армиясы өз міндетін атқарар кезде де ауыз біршілікке ие болады, - деген Ливанның БҰҰ-дағы өкілі Тарек Митри.

Сондай-ақ, Израиль бас министрі Хезболла жауынгерлерін қарусыздандыру қажет дейді.
XS
SM
MD
LG