Accessibility links

Орта Азия елдері мен Ресей есірткі контрабандасына қарсы бірлесіп күресуде


БІШКЕК: Қырғызстан мен Тәжікстан, Өзбекстан мен Ресей және Қазақстан шекарашалары лаңкестікке және есірткі контрабандасына қарсы бірлескен операциясын өткізу үстінде. Қырғызстанның шекараны қорғау қызметінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасаған қырғыз баспасөзінің хабарлауынша, бұл шара 7-нші тамызда басталған. “Марзбон-2006” деп аталған бұл операцияға 5 елдің қорғаныс, ішкі істер және төтенше жағдайлар бойынша министрліктері, сондай-ақ көші-қон және есірткіге қарсы күрес агенттіктері де атсалысуда.
XS
SM
MD
LG