Accessibility links

Израиль армиясы Ливандағы босқындар лагеріне де соққы бере бастады


ТАЯУ ШЫҒЫС: Израиль армиясы өзінің соғыс ұшақтары бүгін таң сәріде Ливанның оңтүстігіндегі палестиналық босқындардың лагеріне шабуыл жасағанын хабарлады. Бұл шабуыл Ин Эль-Хайуи лагеріндегі “Хизболлаһтың” партизандары паналаған баспананы нысанаға алған көрінеді. Ал Ливан полициясының хабарлауынша, ол соққыдан кем дегенде 2 адам құрбан болып, 15 кісі жараланды. Бұл – Израиль армиясының “Хизболлаһ” тобына қарсы соғыс қимылдарын бастаған 12-нші шілдеден бергі Ливандағы палестиналық лагерге бағытталған алғашқы шабуыл болып отыр.
XS
SM
MD
LG