Accessibility links

“Хизболлаһ” қарусызданып, шекара аумағынан аластатылмаса, Израиль Ливанға қарсы шабуылын 30 күн бойы жүргізе береді


ТАЯУ ШЫҒЫС: Кеше кешкісін Израиль Ливанға қарсы шабуылын кеңейтіп, зеңбіректердің атқылауына сүйенген соғыс техникаларының керуені солтүстікке, Литани өзеніне қарай жылжыды. Бұл шара Летани өзені бойындағы “Хизболлаһ” ұйымының базасына қарсы операцияны кеңейту туралы Израиль үкіметі мақұлдаған жоспарға сәйкес басталды. Литани өзені Израиль-Ливан шекарасынан 30 шақырымдай қашықтықтан өтеді. Израиль шенеунектерінің мәлімдеуінше, егер халықаралық қоғам бітім шартын қабылдамай, “Хизболлаһ” тобы қарусызданып, шекара аумағынан аластатылмаса, бұл операция 30 күн бойы жалғасады.
XS
SM
MD
LG