Accessibility links

Әуе жолдары қауіпсіздік шараларын күшейттіруде


Британия полициясы жоспарланған үлкен бір лаңкесттік әрекеттің алдын алғанын хабарлаған соң, әлем елдеріндегі әуе жолдары қауіпсіздік шараларын күшейттіруде немесе Британияға бағытталған рейстерін тоқтатып тастады. Бұл шаралар туралы Британия, Франция, Голландия, Австралия, Бельгия және Германия елдеріндегі әуе жолдары жариялады. Британия әуежайларындағы жолаушыларға қол жүгін ұшақтарға алып кірулеріне рұқсат берілмей жатыр. Жолаушылар ұшаққа тек қана қажетті деген заттарды анық көрініп тұратындай сөмкелерге салып кіруіне болады, дейді Британия Көлік министрі.
XS
SM
MD
LG