Accessibility links

ЕҚЫҰ өзбек босқындарының Ташкентке берілуіне наразы


ВЕНА: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Карел де Гюхт 5 өзбек босқынын Ташкентке тапсырғаны үшін Қырғызстан үкіметін өткір сынға алды. Өзінің арнайы мәлімдемесінде Карел де Гюхт қырғыз үкіметінің халықаралық міндеттемелерін орындамауына ерекше алаңдаушылық білдірді. 5 өзбек босқыны да өткен жылдың мамырында Әндіжандағы халық толқуы басып-жаншылған соң Қырғызстанды паналаған болатын. Олардың төртеуіне Ұлттар Ұйымы босқын мәртебесін берді. Өзбекстанда оларға Әндіжан толқуына қатысты деген айып тағылып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG