БҰҰ-ың Қауіпсіздік кеңесінің қарары Ливандағы Хезболла тобы мен Израил арасындағы қарулы қақтығысты тез арада тоқтатуға шақырады. Сондай-ақ құжатта шекараға 15 мың халықаралық бітімгершілік жасақтарын орналастырып, Израил әскерлерінің Ливаннан біртіндеп шығарылуын қадағалайды делінген. Мұның алдында Ливан да, Израил да қарарды қолдауға әзір екендіктерін білдірген болатын.