Accessibility links

Тәжікстан президенттік күзетінің бұрынғы жетекшісіне өмірлік түрме жазасы кесілді


Ғафур Мирзоевқа Қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша түрлі айып тағылған, оның ішінде билікті күшпен басып алмақшы болды деген де қылмыстық айып бар. Мирзоевтың өзі бұл айыптардың бәрін де жоққа шығарады. Сондай-ақ оның 15 әріптесі де қарулы бүлік ұйымдастырды деген айыппен 12 жылдан 16 жылға дейін қатаң тәртіптегі колонияға жіберілді. Сот тыңдаулары жабық есік жағдайында өткен. Қорғаушылар бұл процестің қолдан жасалып отырғанын айтады. Олардың сөздеріне қарағанда, «өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген».
XS
SM
MD
LG