Accessibility links

Астанадағы барлық 50 мектептің спорттық жабдықтарының тозығы жеткен


Жаңа мектептерді есептемегенде Астанадағы барлық 50 мектептің спорттық жабдықтарының тозығы жеткен. Бұл туралы журналистерге тамыздың 14 күні Астанада Қазақстанның стритбол қауымдастығының өкілі Валерьян Коптелов хабарлады. Қалалық спорт басқармасының басшылығы мектептерде мамандар да тапшы дейді. Қайсыбір бақылаушылар болса Астанада спортты дамытуға қыруар қаржы бөлінетінін айтып, бұл салада Қазақстанның өзге қалаларындағы жағдай қиын деп отыр.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір Астанада балалар мен жеткіншектерге арналған 10 спорт мектебі және 6 спорттық клуб жұмыс істейді. Елдің бас қаласында соңғы 5 жылда спорттық мекемелер саны екі есеге дейін өскен. Ірі спорт кешендерінің ішінде Астанада 7 ғимарат жұмыс істейді. Келер жылда оған қосымша 30 мың адамға ескерілген стадион, коньки тебетін стадион және велотрек салу жоспарланған. Астана спорт департаментінің басшылығы хабарлағандай, бұл ғимараттардың барлығы халықаралық талаптарға сай болады. Ал, Қазақстанның стритбол қауымдастығының өкілі Валерьян Коптеловтың айтуынша қазір мектептердегі жабдықтар ескірген.

- 50 мектепте жабдықтарды ауыстыруға, елестетіп көрсеңіз, орасан қаржы керек, - дейді ол.

Қазақстанның стритбол қауымдастығының өкілі Валерьян Коптеловтың айтуынша тіпті жаңадан салып жатқан мектептердегі спорттық алаңдары кішкентай, спорттық залдардағы жабдықтардың орналасауы реттелмеген.

- Сондықтан спортқа қатысы барлық нәрсе басқармадан өту керек, ондада әдеттегідей ғимаратты тапсырған кезде емес жобалау кезінде, - дейді В.Коптелов.

Осылайша, мамандар мектептердегі спортқа қатысы бар жұмыс көп деп отыр. Бірақ, есесіне жаңадан салынып жатқан мектептерде гимнастикалық жабдықтар, шаңғылар, конькилер және доптар жаңадан алынып жатыр, яғни, бұрынғыдай ескі емес, қазіргі заманға сай болмақ. Бірақ, жаңадан салынып жатқан спорттық мекемелерде қиыншылықтар да бар, дейді мамандар.

- Әзірге оларда база жоқ, әзірге біз оны жалға аламыз, - дейді Астаналық олимпиадалық резерв дайындығы орталығының директоры Ырысбек Байбосынов.

Астаналық спорт басқармасы басшысы Есмухамет Спановтың айтуынша, әзірге база жоқ болғандықтан оны Астанадағы спорттық кешендерден жалға алуға тура келіп отыр.

Әйткенмен, осы қиыншылықтарға қарамастан, қаржыға келгенде Астанада Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда азды-көпті жағдай жақсы дейді Е.Спанов мырза.

- Бізді кадр жетіспейтіндігі көбірек алаңдатады, спорттық карьерасын аяқтап жатқан спортшылардың барлығы бірдей жаттықтырушының еңбекақысына жұмыс істеуге дайын емес, - дейді ол.

Әйтседе Спанов, бұның бәрі уақытша, өйткені спорт ішкі саясаттың бір құрамдас бөлігі деп санайды.

«Халықаралық қауымдастық алдында спорт Қазақстанның жақсы имиджін қалыптастырады. Себебі, ел гимні Қазақстанның сыртында тек екі жағдайда естіледі, біріншісі, президенттің шет елдік сапарларында, екіншісі, спортшылар жеңісінің құрметіне», дейді Астаналық спорт басқармасының басшысы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG