Accessibility links

Буштың "ислам фашистері" деген сөзі ислам елдерінде наразылық тапты


АҚШ президенті Джордж Буш тамыздың оны күні терроризм мәселесі бойынша сөйлеген сөзінде "ислам фашистері" деген сөзтіркесті қолданды. Буш бұл сөзін Британиядан Америка Құрама Штаттарына ұшып келе жатқан ұшақтарды жармақ болды деген күдікті азаматтардың ісіне байланысты айтты. Буштың "ислам фашистері" деген сөздері араб мемлекеттерінде және кейбір басқа мұсылман елдерінде наразылық туғызды.

Бұл сөзтіркес кейбір батыс елдерінде саяси комментаторлар тарапынан шығарылған. Неологизмның мағнасы – кейбір нақты ислам ұйымдарды Еуропада жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында болған фашистік ұйымдармен салыстыру, олар бір біріне ұқсас екенін көрсету. Әсіре исламшыл ұйымдар да тоталитарлық құндылықтарды дәріптейді, олар қатаң әлеуметтік тәртіп орнатқысы келеді, олар дәріптейтін саяси тәртіпте балама ой айтатындарға орын қалмайды.

Міне, өткен аптада Британияда террорлық шабуылдардың алды алынды деп жарияланғанда Буш "исламшыл террористер" деген сөзді қолданды. Британия үкіметі АҚШ-қа қатынайтын ұшақтарды жармақ болған адамдарды әшкереледік, олардың біразын қолға түсірдік деп жариялады. Буш демек ислам фашистері бостандықты сүйтеін біздерді жою үшін барлық амалын жасамақ деп сипаттады:

- Жақында ғана жасалған тұтқындаулар біздің азаматтарымызға анық белгі беріп отыр. Бұл мемлекет ислам фашистерімен соғысуда, ислам фашистері бостандықты сүйетін біздерді жою үшін барлық амалын жасайтын болады.

Буш мұндай сөзтіркесті бірінші рет қолданып отырған жоқ. Бұл сөздерді Буш былтыр қазан айында АҚШ-та сөйлеген бір сөзінде де айтқан. Буш сонда "Әл Қаида" ұйымының идеологиясын сипаттап, кейбіреулер мұны "ислам рикадикализмі" деп атайды, кейбіреулері "соғыс жихадшылығы" дейді, ал кейбіреулері "исламофашизм" деп белгілейді деді.

Кейбір неоконсерватор жазушылар бұл сөзтіркесті тіпті көбірек қолданады. Олар "ислам фашизмі" деген сөзтіркесті кең мағнада қолданады, соғыс дәріптейтін ислам ұйымдары жайында да айтады, ислам табиғаты жайында жазғанда да айтады. Мәселен, Вашингтонда орналасқан "Қауіпсіздік саясаты орталығы" ұйымының директоры Френк Гафней бүгінгі тоталитарлық саясатты сипаттағанда оны "исламо-фашизм" деп атаймыз, бұл саясат көрінісі көптеген елде бар, Америка Құрама Штаттарының өз басында да бар дейді.

Тек ғана араб мемлекеттерінде емес, көптеген ислам елдерінде Буштың сөзі қарсылық пікірлерді туғызды. Мәселен, Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид-Реза Асефи баспасөз-мәслихатында Буштың сипаттамасы ар-намысқа тиеді, орынсыз деді. Иран өкілі президент Буш ислам әлемінен кешірім сұраса жөн деді.

Пәкістанда шығатын "Аусаф" танымал газеті "Вашингтон Израильдың Ливанға қарсы соғысын толық қолдап отыр, осындай жағдайда айтылған Буштың сөзі Америка Құрама Штаттарының ислам әлемі алдындағы беделіне нұқсан келтіреді, АҚШ-тың беделі онсызда күн сайын түсіп жатыр" деп жазды жұма күні. Америка Құрама Штаттарының өз басындағы кейбір мұсылман топтары да Буштың сөзіне наразылық білдірді.

Саяси ғылым мамандары Буштың сөздері жайында түрлі пікір айтып жатыр. Мәселен, Қырғыз ұлттық университетінің саяси ғылым профессоры Аялбек Ақұнов 20 ғасырда нәубет әкелген фашизмді әлемдегі үш ірі діннің біріне жабыстыру жауапкершілігі өте үлкен нәрсе дейді. "Азаттық" радиосына пікір айтқан басқа саяси сарапшылар да "ислам фашизмі" деген сөз орынсыз, ислам әлем жүзінде 1300 миллион адам үшін қасиетті ұғым деп көрсетеді. Жалпы, президент Буш бұқара сөздерінде терроризмге қарсы соғыс исламға қарсы соғыс емес деп зейін қояды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG