CBS арнасының тілшісі Майк Уалласқа берген сұхбатында Ахмадинежад Иран ядролық қару жасамақшы деген болжамды жоққа шығарып, АҚШ әскерлерінің Ирақта одан әрі қала беруі жөнінде сөз қозғады. Ахмадинежад, сондай-ақ, Израильдің Хизбаллаға қарсы әрекеттеріне АҚШ-тың қолдау көрсетіп жатқанын сынға алды.