Оның айтуынша Иран елі Ливандағы және Ирақтағы қарулы топтарға қолдау көрсетіп келеді. Мұны ол тоқтатуы керек, деді Буш. Ол сондай-ақ Хизбулла жауынгерлері Израйль қолынан жеңіліс тапты, деген пікірін айтты. Бұдан бұрын Хизбулла басшысы Хасан Насралла өз жауынгерлері Израйльге қарсы күресте стратегиялық және тарихи жеңістерге жетті, деген болатын.