Өзбекстан билігі 2005 жылдың қаңтарынан бері елдегі 1-мыңнан аса есірткі тасымалымен айналысатын қылмыстық топты құрықтағанын айтып отыр. Өзбекстанның үкіметтік ақпараттық веб-сайтында елдің бас прокуратурасының мәлімдемесі шығып, онда құқық қорғаушылар жоғарыда айтылған мерзім ішінде көбісі героин мен көкнәр болған 2,2 тонна есірткіні тәркілегені жазылған.