ПРАГА: Бүгін Чехияда бірде-бір партия басым дауысқа ие бола алмаған соңғы парламент сайлауынан 2 айдан көп уақыт өткенде ғана жаңа премьер-министр тағайындалуға тиіс. Чехия президенті Вацлав Клаус Иржи Пароубектің үкімет басынан кетуін қабылдап, сайлауда аз басымдықпен жеңіске жеткен Азаматтық-демократиялық партияның лидері Мирек Тополанекке жаңа үкіметті жасақтау міндетін жүктейді. 1 айдан кейін парламентте Тополанектің үкіметіне сенім білдіру мәселесі дауысқа қойылуға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Белсенділерге жүгінген билік Орал оқиғасын тез ұмытты. Себебі неде?
AzattyqTV