ТЕҺРАН: Бүгін Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджанимен Теһрандағы кездесуі барысында Қытайдың сыртқы істер вице-министрі Цуй Тянькай Иранды уран шикізатын байытудан бас тартуға ынталандыратын халықаралық қоғамның соңғы экономикалық ұсыныстарын қабылдауға шақырды. Таяуда Иран лидері Махмуд Ахмадинеджад өзіне жасалып жатқан қысымға қарамастан, Теһран өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартпайды деп тағы да мәлімдеген болатын. Әлгі ұсыныстарға тиянақты жауабын Иран 22-нші тамызда беруге уәде етті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Теміртаудың түтіні
Тұрғындардың шымбайына батқан экология мәселесі неге шешілмей келеді?
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
AzattyqTV