Accessibility links

Қырғызстанның адам құқын қорғаушысы АҚШ президентіне қатты өкпелі


БІШКЕК: Қырғызстанның омбудсмені Тұрсұнбек Бәкірұлы адам құқықтары бойынша 12-нші қыркүйек күні АҚШ-та өтуге тиісті халықаралық конференцияға барудан бас тартты. Бәкірұлының мәлімдеуінше, бұл сапардан ол АҚШ президенті Дж.Буштың “ислам фашизмі” деген сөз тіркесін қолдануына наразылық ретінде бас тартып отыр. Ұлы Британиядағы лаңкестік қастандық әшкереленген 10-ыншы тамыз күні президент Дж.Буш: “АҚШ осындай “ислам фашистерімен күресіп жатыр” деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG