Accessibility links

Орыс шекарашылары 1 жапон балықшысын өлтіріп, үшеуін ұстап отыр


МӘСКЕУ: Тынық мұхитының Ресейге қарайтын бөлігінде өз шекарашыларының заңсыз балық аулаған жапон балықшыларының бірін оққа ұшырып, қалған үшеуін тұтқынға алғанын ресми Мәскеу растады. Бұл оқиға бүгін таңертең даулы Оңтүстік Курил аралдарының маңында болды. Оңтүстік Курилдерді Жапония өзінің “солтүстік территориясы” деп санайды. Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, шекарашылар Жапонияның қашып құтылмақ болған балықшы кемесіне оқ жаудырып, балықшылардың бірі қаза тапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG