Accessibility links

ЕҚЫҰ Ресейді 13 өзбек босқынның тағдырын БҰҰ-мен бірлесіп шешуге шақырады


БРЮССЕЛЬ: Бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін Бельгияның сыртқы істер министрі Карел де Гюхт Ресейдің өткен жылғы Әндіжан толқуына қатысты деп айыпталған 13 адамды Өзбекстанға бермеу туралы шешім қабылдауына өз ризалығын білдірді. Ол адамдарды ресми Ташкент талап етіп отыр. Сонымен қатар Карел де Гюхт осы азаматтардың тағдырын біржола шешу үшін Ресейді БҰҰ-ының босқындардың істері бойынша комитетімен арадағы жұмысын жалғастыра беруге шақырды.
XS
SM
MD
LG