Accessibility links

Ауғаныстандағы коалициялық әскери күштер жеңіл әскери көліктерді қажетсінеді


Ауғанстанда тұрған НАТО-ның басқаруындағы Халықаралық қауіпсіздік сақтау күштері құрамында талай елдің жасақтары бар. Ол елдер өз әскерін жол шетіндегі бомбалар мен жер асты миналарынан қорғауды жақсарту қажеттігін түсінген. Сондықтан да, Британия, Канада, Нидерландия және Германия елдері брондалған жеңіл әскери көліктерге таяуда тапсырыс бере бастады.

Құрама Штаттардың Абрамс М-1 танкілері сияқты ауыр қару-жарақтары Ираққа басып кірген кездерінде, соғысқа аса қолайсыз екендігін көрсетті. АҚШ әскери өкілдері үшін мына нәрсе айқын еді. Аталған ауыр техникалар - ашық далаларда ұрыс жүргізгенге қолайлы. Алайда таулы жерлердегі қақтығыстарға қол емес. АҚШ әскери ресми өкілдерінің «Азаттық» радиосына айтуынша, олар Ауған жеріне ауыр соғыс техникасын әкелмеген. Себебі, бұл елдің негізінен таулы аймақтарында танкімен ұрыс жүргізу қиынға соғады.

Сонымен, соңғы төрт жыл ішінде Ауғанстанда тұрған АҚШ солдаттары жазық жерлерде Хумвис деп аталатын, брондалған жеңіл әскери көліктерді пайдаланып келеді. Шағын жасақтар таулы аймақтарға тікұшақтармен жеткізілген. Сондай-ақ оларға коалицияның әуе күштері қолдау көрсетіп отырған. Мұнда танкілер қолданылмаған. Биылғы жылы Ауғанстанның оңтүстігіне орналастырылған НАТО-ның бастауындағы мыңдаған әскерилерге бұл қару жеткіліксіз болған. Бұларға жаңадан жіберілген жасақтар негізінен жылдамдығы басым, әрі қозғалуға қолайлы техникалармен жабдықталған еді.

Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздік сақтау күштерінің көбісі негізінен жол таңдамай жүре беретін техникаларға сенім артып отыр. Ауғанстанның оңтүстігінде болған көптеген шайқастар барысында НАТО күштері өз солдаттарына көбірек қолдау көрсетудің қажет екендігін түсінді.

Өткен айларда Британия, Канада, Нидерландия және Германия үкіметтері өз әскерін жеткілікті қарумен жабдықтамады, деп сынға ұшыраған болатын. Соның нәтижесінде ол елдер Ауғанстандағы әскерлері үшін жеңіл әскери тенхикаларды сатып ала бастағандарын өткен апталарда мәлімдеген еді. Ян Кемп мырза - Лондондағы қорғаныс саласы бойынша тәуелсіз сарапшысы.

“Бұл - жол таңдамайтын көлік. Елдің кез-келген түкпірінде жүре беретін бұл көлік Пинзгауер деп аталады. Олар дөңгелекпен жүреді. Оларға шина орнатылған. Сондықтан да олар, танкілер және басқа да ауыр қарулармен салыстырғанда, жолдарда үлкен жылдамдықпен жүре алады. Таяу уақытта тындырылған шаруаның бірі- осы көліктердің брондалған үлгісі дамытыла түскен. Өте батпақты аймақтарда олар онша қолайлы емес. Алайда, Ауғанстан сияқты жерлерде коалиция күштері қазір дөңгелектермен жүретін, брондалған көліктерді қолдануда”, - деді Кемп мырза.

Оның ойынша Британиялық кейбір жаңа Пинзгауерлер, түптің-түбінде Ауғанстанда қалдырылатын болады. Осы арқылы Ауған Ұлттық армиясын әскери жабдықтармен қамтамасыз ету жақсартыла түспекші.
XS
SM
MD
LG