Accessibility links

Баспасөзге шолу. 08.18.2006 жыл


Жұма күнгі баспасөз қолма-қол ақша нарығындағы дүрбелең доллардың биржа нарығына әсер ете бастағандығы туралы жазыпты. Сонымен бірге басылымдар «Днепр» құлаған аймақ тұрғындары басқа жерге көшкісі келетіндігіне мән берсе, тағы бір газет ауыл әкімдерін қашан сайлаймыз деген сұраққа жауап іздепті.

Қазақстанда қолма-қол ақша нарығындағы дүрбелең доллардың биржа нарығына әсер ете бастағандығы туралы мақала «Панорама» газетінде жарық көріпті. Мамандардың бағалауынша, бұл әсіресе Қазақстанның шеткері аймақтарында анық байқалып отыр. Тамыздың 17-күнгі нарықта доллар көп сатылған. Бұл жерде сұраныстың монополизациясы жоғары деңгейде болғандығын атап өткен жөн» делінген мақалада. Бұл уақытта Ұлттық банкі сәрсенбі және бейсенбі күндері құбылмалы бағамды қалыпқа түсіру әрекеті арқылы қаржы нарығындағы ыстықтықты басуға тырысқан. «Сарапшылардың болжамына қарағанда, жабық базар жағдайында доллар бағамы өсуі мүмкін, бірақ өте баяу жылдамдықпен. Ашық базар жағдайында доллардың жылдам қымбаттауы байқалған. Мәселен, өткен сәрсенбі күні америка валютасының бағамы 125 теңге 60 тиынға жеткен. Егер қаржы нарығына Ұлттық банкі араласпаған жағдайда доллар бағамы бұдан да жоғары биіктікті бағындырары сөзсіз еді. Бейсенбі күні доллар бағамы 123 теңге 84 тиын болған» деп жазды «Панорама» газеті.

Бұл уақытта «Қазақстандағы инфляцияның 85 пайызға өсуін Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі ақшаның көбейгендігімен түсіндіріп отыр» делінген «Новое поколение» газетіндегі мақалада. «2006 жылдың басынан бері қаржы ауқымы 31 пайызға кеңейген. Оның негізгі көзі – ішкі активтер жыл басынан бері 40 пайызға өскен. Экономикада ақшаның көп болуы, тұтынудан сұраныстың жоғарылауы инфляцияға әкеп соқтырған. Соңғысымен күресуге Үкімет қанша күш жұмасаса да нәтижесі шамалы болып жатыр. Жыл басынан бері баға 5 пайызға өскен. Оған қоса бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 пайызға артық болып отыр. Қазіргі таңда инфляция деңгейі 8,1 пайыз болып тұр» деп жазды «Новое поколение» газеті.

Апталық «Караван» газеті «Днепр» құлаған жердегі тұрғындар басқа жаққа көшуді қалайтындығы туралы жазыпты. «Қазіргі таңда Жаңақала және Қуаңдария ауылдарының тұрғындары гептилден халық тәсілімен қорғануда. Бұл уақытта дәрігерлер аймақтың қаншалықты қауіпті екендігін тексеріп жатыр. Тұрғындардың денсаулығын тексеру жұмыстарын төрт бірдей ғылыми-зерттеу орталығының мамандары жүргізуде. Ғалымдардың айтуынша, аймақта ашық су көздерінің болмауы қауіпті азайтады. Әйтпегенде гептилдің бірнеше елді-мекенді улап тастайтын шамасы бар екен. Соған қарамастан жер асты суларының тазалығын тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Оның қорытындысы айдың соңына таман белгілі болады» делінген «Караван» газетіндегі мақалада.

Апат орнына қанша гептил төгілгендігіне «Новое поколение» газеті мән беріпті. Зымыран тасығыш құлаған жерде зерттеу жұмысын жүргізген маман Михаил Наурызбаевтың айтуынша, 26,7 тонна гептил жерге төгілген. «Апат орнынан 70 сантиметр қалықтықтан гептил кездеспеген. Маманның айтуынша, бұл заттың құмға сіңіп кету қасиеті жоғары. Гептил үш метр тереңдіктен табылды деді Михаил Наурызбаев. Оның пікірінше, улы заттың жер асты сулары арқылы тарау мүмкіндігі жоғары» делінген «Новое поколение» газетіндегі мақалада.

«Литер» газеті «Ауыл әкімдерін сайлау күні қашан?» деген сұраққа жауап іздепті. Алдын-ала жасалған болжам бойынша әкімдерді аудан және қала әкімдерін сайлау осы жылдың қазан айында өтуі тиіс. «Нақты қай күндері өтетіндігі тамыз айында түпкілікті анықталатын болады» делінген мақалада. «Сонымен, әкімдерді сайлау аудан және қалалардың 30 пайызында өткізіледі. Әкімдікке үміткердің жасы 25-тен жоғары болуы тиіс. Сонымен бірге сол облыстың жергілікті тұрғыны болуы шарт. Егер сайлау кезінде үміткер дауыс берушілердің жарым пайызының дауыс жинай алмаса, ең жоғарғы пайыз жинаған екі үміткер екінші турда сайлауға түседі. Қайта сайлау дәл сол күні өткізілуі тиіс» деп жазды «Литер» газеті.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG