Accessibility links

Ресей шекарашылары атып өлтірген жапон балықшысының денесі Жапонияға тапсырылды


Бүгін Жапонияның сыртқы істер министрлігі Ресей елінің өздеріне осыған дейін ресейлік шекарашылар атып өлтірген жапондық балықшының мәйітін тапсырғанын мәлімдеді. Бұл оқиға даулы Курил аралдарының оңтүстігінде болған еді. Ресей жапондық балықшылар шекарадан заңсыз өтіп, ескертуді тыңдамады деген. Жапония Ресейдің мұндай қатаң жауабына наразы болып, бұл жанжал екі елдің қарым-қатынасына сызат түсіруі мүмкін деген. Ресей сәрсенбі күні болған бұл өлімге өкініш білдіріп, бірақ жапон тарабы Ресей суын пайдаланды деп оларды кінәлаған.
XS
SM
MD
LG