Украина сөйтіп БҰҰ-нан 1932-33 жылдарғы 10 миллионға жуық украиндықты ажал құштырған жаппай аштық науқанын халыққа қарсы жасалған геноцид деп мойындауды талап етпекші. Сыртқы істер министрінің орынбасары Никола Маймескул Киевтегі форумда сөйлеген сөзінде сол нәубет жылдарының көптеген шындығы енді ашылып жатқанын және ол өте адам шошырлық деректерді алға тартқандығын айтқан.