Accessibility links

Қазақстан Ливанға бітімгершілік әскер енгізу мәселесін көтеріп отырған жоқ


Қазақстан Ливанға бітімгершілік әскер енгізу мәселесін көтеріп отырған жоқ. Бұл тұралы Астанада тамыздың 21 күні Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев хабарлады. Біріккен ұллтар ұйымы Ливанға бітімгершілік әскерін енгізіп жатқан тұста Қазақстан әскери жанжал болып жатқан аумаққа бітімгершілік әскер енгіземе деген журналистердің сұрағына ол осылай жауап берді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың айтуынша бітімгершілік әскерді енгізу үшін бірнеше талаптар орындалуы тиіс. Бірақ қандай талаптар екендігін ол айтқан жоқ:

- Ливандағы жағдайға қатысты сол жердегі бітімгершілік қарулы күштердің көшбасшысы болып отырған Францияның өзі басқа Еуропалық мемлекеттер өз әскери контингеттерін жіберуге қазір асықпай отыр. Өйткені бұл мәселе жөнінде бірнеше талаптардың орындалуы тиіс. Сондықтан Қазақстанда бұл мәселені бақылап отыр. Бірақ, біздің топтарды әскерилерді жіберу мәселесі көтерілген жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, Ливан үкімет басшысы баспасөз мәслихаттарының бірінде, мыңдаған ливандық көрші Сирияға босып кетті. Шетелдік үкіметтер болса өз азаматтарын бұл елден шығарып жатыр деп хабарлаған. Ол Израиль әскері мен «Хизболла» жасақтарының созылып кеткен шабуылдарынан Ливанда жүздеген адам құрбан болып, мыңдаған адам жараланғанын және жарты миллиондай халық босып кеткенін хабарлаған.

Ливан үкімет басшысы екі тарапты да тез арада соғысты тоқтатуға шақырған. Және ол бұл жағдайға халықаралық қауымдастықтың араласуын сұрады. Бұл орайда Ресейдің сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде Израильдің лаңкестікке қарсы операциясы шегінен асып кетті деген. Ал, Израиль вице-премьері Шимон Перес әскери әрекеттерді тоқтатпайтындықтарын жеткізді. Халықаралық қауымдастық өкілдері Таяу Шығыстағы әскери жанжал тоқтау керек деген мәлімдемелер жасап жатыр. Францияның оңтүстігінде өткізген баспасөз-маслихатында Франция президенті Жак Ширактың айтуынша, Ливандағы дағдарыс бүкіл Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа қатер төндіреді. Техаста журналистердің алдында сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Джордж Бушта Ливандағы шайқастар тоқтау керек екендігін барлығы түсінеді деп мәлімдеді.

Ал, Израильдің қорғаныс министрі Эмир Перец соғыс қимылдарын тоқтатуға бағытталған дипломатиялық іс-шаралар нәтиже бермейтін болса, Израильдің Ливанға қарсы құрлықтағы шабуылдарын кеңейте беретінін мәлімдеді. Израиль шенеунектерінің мәлімдеуінше, егер халықаралық қоғам бітім шартын қабылдамай, “Хизболлаһ” тобы қарусызданып, шекара аумағынан аластатылмаса, бұл операция жалғасады. Араб лигасы елдерінің сыртқы істер министрлері делегациясы Израил әскерлері Ливаннан шығарылып, қақтығыстар тоқтамаса, мұнда азамат соғысы етек алып кетуі мүмкін деп ескертті.
XS
SM
MD
LG