ТЕЛЬ-АВИВ: Бүгін Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт мәлімдегендей, егер ресми Дамаск лаңкестік ұйымдарды қаржыландыруын доғармаса, Израиль Сириямен келіссөзге бармайды. Бұл жерде Ольмерт “лаңкестік ұйым” деп “Хизболлаһ” тобын айтып отыр. Сириямен арада бітімге келу үшін оған Голан төбесін беру мәселесі бойынша ресми Дамаскімен арадағы келіссөзді қайта жалғастыру туралы өз үкіметімен өткізген мәжілістен кейін Ольмерт осылай деп мәлімдеді. Э.Ольмерт “Хизболлаһ” тобының 4 мыңдай зымыраны түсіп жарылған Солтүстік Израильді аралап шықты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы