Accessibility links

Иран бүгін уран байыту жұмысын тоқтату жөніндегі батыстық ұсынысқа жауап беруі тиіс еді


Бірақ кеше Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменейдің айтқанындай, Иран өз ядролық бағдарламасын жалғастыра бермек. Бірақ АҚШ президенті Буш, егер Иран БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің талабын орындамаса санкция жарияланып, оның салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертті.

– БҰҰ қарары бойынша біз тамыздың 31-інде қайта бас қосамыз. Бұл тамаша мерзім. Дегенмен, мен өз достарымыз және одақтастарымызға Ирандағы ядролық қарулардың қауіпі жөнінде тағы да қайталай ескерткім келеді, - деді президент Буш.

Маусым айында АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Британия және Германия Ирандағы уран байытуды тоқтату жөнінде екі тарапқа тиімді ұсыныс жасаған болатын.
XS
SM
MD
LG