Accessibility links

Түркіменстан Қытайдан 300 миллион доллар несие алып жатыр


Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязов Қытайдан 300 миллион доллар несие алуды мақұлдады. Ниязов Қытай Эскпорт-импорт банкімен несие келісімін жасауды Сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі мемлекеттік банкке тапсырды. Қытай 300 миллион доллар қарызды 20 жылға беріп отыр. Несие шыны жасау зауытын салуға және елдегі ең үлкен тыңайтқыштар жасау зауытын қайта іске қосуға жұмсалмақ.
XS
SM
MD
LG