Accessibility links

Қазақстанда 2007 жылдың республикалық бюджетінің шығысы 2 триллион 115 миллиард теңге болады деп жоспарланып отыр


Қазақстандық шенеуніктерге кететін шығыс алдағы жылдың белгіленген бюджетінде межеден 1 триллион теңгеге артық болған. Бұл туралы Астанада тамыздың 24 күні 2007 жылдың республикалық бюджеті қаралған үкімет жиналысында Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайынов хабарлады. Бірақ, оның айтуынша, келесі жылғы бюджет шығысының бұл бөлігі қысқарған. Ал, Қазақстан тұрғындарының кейбіреуі дамыған елдермен салыстырғанда жергілікті шенеуніктер тым көп, сондықтан оларға кететін шығында артық деген пікірде.

Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайыновтың айтуынша республикалық бюджетті қалыптастыру барысында республикалық бағдарлама администраторларының шығыны жоспарлаған шектен 1 триллион теңгеге артық болған. Қосымша қарау барысында президентпен премьер-министрдің тапсырмаларына сәйкес бұл шығыс едәуір қысқартылды, дейді ол.

Құсайыновтың айтуынша бұл шығысқа мемлекеттік органдардың материалды-техникалық қамтамасыз етуі, түбегейлі жөндеу және мемлекеттік органдардың жұмысымен байланысты басқада шығындар кірген.

Ал, Құсайынов келтірген мәліметтегі республикалық бағдарлама администраторларының негізгісі болып саналатын Қаржы министрі Наталья Коржованың айтуынша мемлекеттік органдардың функциялары тексерілген. Сөйтіп оның нәтижесі бойынша келесі жылдың бюджеті жоспарланған. Онда аппаратты ұстауға кететін шығын шектен шыққан емес, керісінше олар президенттің шығынды ықшамдап жұмсау жөніндегі тапсырмасына сәйкес және олар мемлекеттік функциялдарды орындауға жұмсалады дейді ол.

Астанадағы тұтынушылар одағының мүшесі Ляззат Исабекованың айтуынша Қазақстанда әліде шенеуніктер көп, бюджет шығысының көп болатыныда содан, дейді ол.

- Менің ойымша, біздің мемлекетте шенеуніктер өте көп. Мысалы шет мемлекеттерге қарағанда Жапониямен, Америкамен салыстырғанда, біз өзіміз шет елге барып жүрміз, көріп естіп жүрміз. Біздің мемлекетте шенеуніктер көп болғандықтан бюрократия көп, машақат қағаз жөндеу үшін, қағаз айналымы көп болып, бір құжатты жөндеуге кезек көп, сондықтан шенеуніктермен мемлекеттік қызметкерлерді азайту керек. Сонда тәртіп болады, бюджет шығысы азаяды.

Қаржы министрі Наталья Коржовада шенеуніктердің көп екендігін мойындап отыр, бірақ, премьер-министрдің орынбасары Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен мемлекеттік органдарындағы басқарма шенеуніктерінің саны азайтылады, деді ол. Ресми ақпаратқа сәйкес бұл реформалар шет елдердің тәжірибесінен алынған. Мемлекеттік органдарды ықшамдау жұмыстарының жүргізіліп келе жатқандығына 5 жыл болғанына қарамастан кейбір функциялардың қайталануы әліде кездеседі деген ақпарат бар. Қаржы министрі Наталья Коржованың айтуынша оның министрлігінде 11 мың найзаның ішінен мың жұмыскерден басқасының барлығы дерлік шағын бизнесті тексереді, енді бұлай болмайды, деді ол.

Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайыновтың айтуынша бюджет шығыны мемлекеттік сектор жұмыскерлерінің еңбекақысын 30 пайызға көтеруге байланысты көбейген. Оның сыртында әлеуметтік төлемдер ұлғайды және білім беру мен денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көбейген деп хабарланады. Ал даму бюджетіне 650 миллиард теңге ескерілген. Онда индустриалды инновациялық даму бағдарламасының шығыны, сонымен қатар инфрақұрылым нысандарын, яғни, жолдар мен әуежайларды жөндеуге кететін ақша ескерілген. Жалпы 2007 жылдың республикалық бюджетінің шығысы 2 триллион 115 миллиард теңге болады деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG