Франция президенті Жак Ширак және Германия канцлері Ангела Меркел Иран ядролық бағдарламасын тоқтату жайында жасалған халықаралық ұсыныстарға Иранның берген жауабын сынады. Олар кеше Париж қаласында кездесті. Иран уран байытуын тоқтата ма, жоқ па айқан жоқ, - дейді Ангела Меркел. Бірақ келіссөз жүргізуге есік ашық, Иран барлық мүмкіншілікті пайдалану керек, - деді Ангела Меркел. Біріккен Ұлттар Ұйымы Иран уран байытуды 31 тамызға дейін тоқтатсын деп талап қылған. Иран "нақты келіссөзді" бастауға дайынбыз деп 22 тамызда жауап қайтарған. Ресей Иранға ядролық бағдарламасы үшін халықаралық шектеулерді қоюға болмайды деді кеше.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?