Баспасөз бостандығын дәріптейтін "Шекарасыз репортерлар" ұйымы Түркіменстанда "Азаттық" радиосының тілшісі Огүлсапар Мұрадованың сотталғанын заңға қайшы қимыл деп сынады. "Шекарасыз репортерлар" ұйымы Огүлсапар Мұрадовамен қоса құқыққорғаушы белсенділер Аннақұрбан Аманқлышев және Сапардұрды Хаджиевтердің сотталғандарына да сөгіс айтты. "Азаттық" радиосының тілшісі, 58-жасар Огүлсапар Мұрадова заңсыз қару-жарақ сақтаған деп табылып, кеше алты жыл түрмеге кесілді. Аннақұрбан Аманқлышев пен Сапардұрды Хаджиевтер осы айып бойынша жеті жыл түрмеге кесілді. Олар маусым айында қамалып, екі айдан аса оларға ешкім хабарластырылмады.