Ауғанстанда Канада әскери патрулі жай киім киген полиция қызметкерлерімен қателесіп оқ атысты. Мұның салдарынан полицияның бір офицері қаза тапты, төртеуі жарақат алды. НАТО әскерінің өкілі полиция офицерлері жай киім киген екен, олар арнайы белгісі жоқ машинада отырған және Канада патрулінің тоқта деген ескертуін байқамай қалған дейді. Оқиға мән-жайы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы