Газа секторында Израиль әуе соққысынан бес адам, олардың ішінде екі журналист жарақат алды бүгін. Бұлар – Рейтерс агенттігінің телеоператоры және жергілікті араб ұйымының журналисі және оқиға жерінде болған үш азамат. Журналистер Рейтерс агенттігінің машинасында отырған. Израиль бұл машина әскери қимыл маңында "күдікті сипатта" жүрді деп сипаттады. Газа секторында бүгін, сол сияқты, Израиль әскерінің басқа әуе соққысында "Хамас" тобының жауынгері өлтірілді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі