Accessibility links

Ливан және Израиль Еуропа Одағының уәдесін жылы қабылдады


Ливан және Израиль Ливанда орналасатын халықаралық бітімгершілік әскердің жартысынан көбін қамтимыз деген Еуропа Одағының уәдесін жылы қабылдады. БҰҰ әскер 15 мың сарбаздан жасақталады деген. Еуропа Одағы жеті мыңға дейін сарбаз жолдаймыз деді жұма күні. Ливан сыртқы істер министрі Фаузи Салух Брюссельде өткен Еуропа Одағы конференциясының табыспен аяқталғанына ризамыз деді. Израиль сыртқы істер министрлігі Еуропа мемлекеттерін келісім жасағандарымен құттықтаймыз деді.
XS
SM
MD
LG