Accessibility links

АҚШ үкіметі Иран ядролық мәселесі бойынша ақылдасып жатырмыз деді


АҚШ үкіметі Иран ядролық мәселесі бойынша не істеуге болатыны жайында халықаралық әріптестерімізбен ақылдасып жатырмыз деді. АҚШ әкімшілігі өкілінің мәлімдемесінде кеше Иранның Арақ қаласында ауыр су зауытының ашылғаны тікелей аталмады. Ауыр су плутоний өндірісінде қолданылуы мүмкін. АҚШ өкілі Иран ядролық қару жасау мүмкіншілігіне қол жеткізбеу керек деп білеміз, еліміз және әріптестіріміз осыны мақсат тұтады деді. Иран ядролық қаруға ұмтылып отырған жоқпыз дейді.
XS
SM
MD
LG