Accessibility links

Түркияның Мәрмәр курортында жараланған 10 британдықтың төртеуі ауыр халде


ЛОНДОН: Ұлы Британияның сыртқы істер министрлігі Түркияның Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Мәрмәр курортында болған 3 жарылыстан 10 британ азаматының жараланғанын хабарлады. Министрлік өкілін сілтеген Франс-Пресс агенттігінің хабарлауынша, 10 британдық та ауруханаға түскен, оның төртеуі ауыр халде көрінеді. Курортта болған жарылыстардың себептері жайында әзірше басқа мәлімет жоқ.
XS
SM
MD
LG