ГАВАНА: Куба 10-даған мың халқын қауіпсіз жерге көшіруде. АҚШ үкіметі де тұрғындарға “Эрнесто” дауылы жетуі мүмкін Флорида-Кис аралдарынан кетуге бұйрық берді. Кеше “Эрнесто” тропикалық теңіз толқынынан сағатына 120 шақырым жылдамдықпен соққан дүлей дауылға айналып, кейінірек қайтадан тропикалық толқын қалпына түсті. Бірақ, мамандардың ескертуінше, бүгін Кубаның оңтүстік-шығыс жағалауына жеткен кезде “Эрнесто” тағы да дүлей дауылдың күшіне ие болуы мүмкін.