Accessibility links

Н.Әл-Мәликидің ұлттық келісімге жету жоспарын тайпа лидерлері қолдады


БАҒДАД: Ирақта жексенбі күні болған түрлі атыс пен жарылыстан 50-ден көп адам құрбан болды. Американың Си-Эн-Эн телеарнасына берген сұхбатында Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики Ирақтағы қантөгістің өрши түскені туралы пікірді жоққа шығарды. Оның мәлімдеуінше, Ирақта азамат соғысы басталған жоқ, елдегі көтерілісті басу және шийттер мен сүнниттердің арасындағы жанжалға қарсы күресінде өзі бастаған үкімет жетістікке жетуде. Шийттер мен сүнниттердің жанжалын басу мен лаңкестікті ауыздықтауды көздейтін Әл-Мәликидің ұлттық келісім жоспарын сенбі күні тайпа көсемдері қолдады.
XS
SM
MD
LG