Махмуд Ахмадинежад мырза сонымен бірге, өз елінің бейбіт мақсатта ядролық технологияны дамытуға хұқы бар екендігін баса айтты. Ол сондай-ақ халықаралық қауымдастыққа өз жетістіктері жөнінде Иранның жариялағысы келетіндігін де айтты. Бұл мәлімдеме БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранның уранды байытуын тоқтатуына қойған уақыт межесіне 2 күн қалғанда жасалып отыр.