Бірақ, Иран президенті Махмуд Ахмединежад өзінің айтқанынан қайтпай, Иран бейбіт мақсаттағы ядролық технологиясын дамытуға құқы бар деп отыр. Ол өзінің бұл мәлімдемесін бүгін БҰҰ-ның Иранның уран байытуды тоқтатуын талап еткен ақырғы күнде айтып отыр. Ахмединежадтың сөзіне қарағанда, Иранның жаулары ирандықтар арасында проблема жасағысы келіп отыр.