Accessibility links

Қоғамдық ұйымдар елдегі денсаулық саласында қаржының жұмсалуы ашық епестігін сынға алып отыр


«Сорос-Қазақстан» қорының жоба үйлестірушісі Жәнібек Хасан Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың қорғаныс тапшылығының қоздырғышын жұқтыру оқиғалары саланың қаржыландырумен байланысты деп санайды. Астанада қыркүйектің 5 күні жасаған мәлімдемесінде ол бұл жөнінде министрліктің нақты ақпараты жоқ, деді. Ал, денсаулық сақтау министрлігі қаржының жұмсалуы ашық деп отыр.

Қазақстанда жедел жәрдем дауысы жиі естіледі, бірақ, кей жағдайда маман мен жабдық аздығы байқалады, дейді дәрігерлер. Қазақстанда ресми есеп бойынша, әрбір мың жүкті әйелдің 40-ы қаза болады. Оның сыртында, Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер достастығы ішінде туберкулез дертіне шалдыққандар саны жағынан біріншілердің қатарында келеді. Бірақ, ең көп көрсеткіштер жүрек-тамыр жүйесінің дертіне шалдыққандарда. Өткен жылы Қазақстанда осы аурудан 53 мың адам көз жұмды. Оның сыртында Қазақстанда адамның бойындағы қорғаныс тапшылығының қоздырғышын жұқтыру оқиғалары көбейіп келеді. Ал, «Сорос Қазақстан» қорының жоба үйлестірушісі Жәнібек Хасан Шымкенттегі оқиғаларды қаржылдандыруымен байланыстырады.

«Бірақ, оның қалай болғаны туралы нақты білмейміз өйткені министрлік бұл туралы толық ресми мәлімдеме жасамады. Біздің жорамалымыз бойынша бұл жанама түрінде қаржыландырумен байланысты», - дейді ол.

Қызылордадағы «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының өкілі Жақсыгүл Махамбетованың айтуынша қазіргі уақытта денсаулық саласына жұмсалатын қаржы туралы мәлімет алу қиын:

- Сол саладағы кәсіпкерлер мәліметті бергісі келмейді. Олар оны коммерциялық құпия деп есептейді. Ал ол мәліметті ала алмасақ Қазақстан бойынша денсаулық саласына қанша қаржы керек екенін біле алмаймыз.

Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма бастығы Бақыт Раеваның айтуынша қаржының жұмсалуы ашық емес деген ақпарат өтірік:

- Неге ашық емес? Қаржы жұмсалатынын бақылайтын мекемелер бар, бұндай сөз дұрыс емес.

Қызылордадағы «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының өкілі Жақсыгүл Махамбетованың айтуынша денсаулық саласына жұмсалатын қаржының дұрыс жұмсалмауынан көптеген қиыншылықтар туындап отыр.

- Кадр мәселесі, техникалық жабдық жетіспеуі осындай мәселелер көп. Мысалы, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарындағы аурулар Алматы мен Ақмола облысында кездеспеуіде мүмкін, бәріне бірдей бөлінбеу керек.

«Сорос Қазақстан» қорының жоба үйлестірушісі Жәнібек Хасанның айтуынша, қаржы шығындарының Еуропалық стандарттары бар, ал Қазақстанда биылғы жылы ішкі жалпы өнімнің екі пайызы денсаулық сақтау саласына бөлінеді. «Біздің ойымызша қазір мамандардың біліктілігін арттыруға және жабдық алуға қаржы көп бөлінгені жөн», дейді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма бастығы Бақыт Раеваның айтуынша министрлік бұл ұсыныстарға қарсы емес:

- Әрине, қажет, неге десеңіз келе жатқан жоспар жылына байланысты денсаулық сақтау саласында қанша қаржы айналатыны белгіленеді. Келесі жылы ақша көбейіп жатыр, қазір станционарлық көмек, амбулаториялық көмек және профилактикаға көңіл бөлініп отыр.

«Сорос Қазақстан» қорының жоба үйлестірушісі Жәнібек Хасанның айтуынша, олар денсаулық сақтау министрлігіне санақ есебін беретін жүйе ұсынып отыр. Онда мемлекеттік ұйымдардың, жеке меншік емханалардың, сақтандыру компанияларының шығыстары көрсетілуге тиіс, дейді ол. Жоба мақсаты министрліктің шығыс бөлігін қадағалау және бұл ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы керек, дейді жоба авторлары. Олардың айтуынша, осыдан кейін халықтың денсаулығын жақсартуға және сол арқылы демографиялық жағдайды жөндеуге болады. Бастысы - министрліктің жұмысы ашық болу керек. Және оған қоғамдық ұйымдар қатыстырылуы керек, дейді үкіметтік емес ұйым өкілдері. Ұсыныстар денсаулық сақтау, экономика, қаржы министрліктеріне және парламент депутаттарына беріледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG