Accessibility links

«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы Түркияның базарына кіріп мұнай өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр


Оның сыртында Украина территориясында Қазақстанның ықыласын аударып отырған нысандар бар. Бұл туралы Астанада қыркүйектің 6 күні Еуразиялық энергетикалық форумнан кейін компания президентінің бірінші орынбасары Жақсыбек Құлекеев хабарлады. Оның айтуынша «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы тек шикі мұнай сатумен шектелмей оны өңдегісі келеді.

«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы президентінің бірінші орынбасары Жақсыбек Құлекеевтың айтуынша «Қазмұнайгаз» Түрік базарына кіріп Түрік серіктерімен бірге мұнай өңдеу зауытын салуды салғысы келеді. Өткені біз «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры арқылы тұтынушыларға шикі мұнайды ғана емес өңделген мұнайды сатқымыз келеді, деді ол. «Қазақстанның ішкі базары кішкентай болғандықтан көршілес елдердің территориясында өңдегенді қалаймыз. Егер болашақта өңделген мұнай сатсақ әлбетте қосылған баға табамыз», деді ол:

Оның сыртында Украина территориясында Қырымда Қара теңізде Қазақстанның ықыласын аударып отырған нысандар бар. Бірақ, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы президентінің бірінші орынбасары Жақсыбек Құлекеевтың айтуынша «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбырын пайдалану үшін ішкі базарда инвестиция салуға мүмкіншілік болмай отыр. Әсіресе Каспий теңізінде, дейді Жақсыбек Құлекеев:

- Каспий теңізі мәртебесінің шешілмеуінің арқасында кейбір құрылымдық үлкен нысандар салуға жағдай болмай жатыр, мәселен Каспий асты арқылы газ, мұнай құбырын салса ол тиімді болуы мүмкін,бірақ біз басқа мемлекеттермен келісе алмай отырымз. Сондықтан мұнайды «Баку-Тбилиси-Джейханға жеткізу үшін Маңғыстауға айлақ салғалы жатырмыз.

Ал, Астанадағы Еуразиялық энергетикалық форумға қатысқан Еуро комиссияның Орталық Азиядағы өкілділігінің жетекшісі Адриаан ван дер Меер 30 қарашада Астанада Түркия Орталық Азия және Қапқаз елдерінің энергетика министрлерінің кездесуі өтеді деген хабарлама жасады. Сол жиында жоғарыда аталған мәселелер қаралуға тиіс. «Біз Қазақстан мұнайымен газын Еуропа базарында көптеп болуын қалаймыз», деді ол. Оның сөзінше ол үшін, өндіруші-тасымалдаушы-тұтынушы тізбегін реттеу керек. Бұл Баку үдерісінде жасалып жатқан жұмысымыз», деді ол. Сөзінің соңында Ван дер Меер Қазақстанды энергетикалық қоғамдастық құруға шақырды. «Қазтрансгаз» компаниясының бас директоры Серік Сұлтанғалиевтың айтуынша бұл идея орынды айтылған:

- Ол кісінің айтқан сөзі баянды деп ойлаймын энергетикалық қауіпсіздік бәрімізге керек оны түсініп жатырмыз. Ол кісінің сөзінде Қазақстанды үлкен экономикалық деңгейлі мемлекет деп мойындағаныда бар.

Ресейдің «Русэнерджи» компаниясы құрылтайшыларының бірі Игорь Ивахненконың айтуыншада Қазақстанда энергетикалық қоғамдастық құруға болады. «Ресей президенті Путин Ресей энергетикалық алып мемлекет болуы керек деп айтқан бірақ менің ойымша Қазақстанныңда болашағы мол өйткені Қазақстанда болшақ қуаты уран бар», дейді ол.

Астанадағы Еуразиялық энергетикалық форумда хабарланғандай Қазақстанда шыныменде қуат көздері мол деп хабарланды. Мамандардың есебіне қарағанда қазір Қазақстандағы уран қоры әлемдегі қордың 20 пайызын құрайды. Тек барлаудан өткен қордың арқасында Қазақстан 1 миллион тонна уран шығара алады. Оның сыртында көмір қоры жағынан Қазақстан әлемде 8 орында деп хабарланады. Ресми мәлімет бойынша Каспийде 2 миллиард тонна мұнай бар деген жорамал жасаған. Мұнай көлемі бойынша, Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG