Accessibility links

БҰҰ мигрант әйелдердің еңбегін бағалайтын әрі мойындайтын кез келді деп отыр.


Миллиондаған мигрант әйелдердің көбісі медбике және бала бағушы болып, немесе ақша табу үшін қара жұмыс іздеп шет елде жүрген күйеулеріне қосылып жұмыс істейді. Жыл сайын олар жүз миллиондаған доллар ақшаны өз елдеріндегі отбасына жөнелтіп отырады. Көп жағдайда мигрант әйелдер дамыған әлем елдерінде қалыпты жағдайға айналғандай, өмір сүруді жеңілдетуге көмектеседі. Қазіргі таңда БҰҰ-ның халық қоры деп аталатын мекемесінің жаңа есебі мигрант әйелдердің еңбегін бағалайтын әрі мойындайтын кез келді деп отыр.

Каролин ДеЛеонның американ отбасында бала бағушы болып жұмыс істегеніне 15 жыл болған. Ол бұл жұмысты әрең дегенде тапқан. Филлипиннен келген ДеЛеонның сөзіне қарағанда, ол күніне 15 сағат жұмыс істейді, және уақытынан артық жұмыс жасағаны үшін ақы немесе басқадай төлем алмайды:

“Оның ішіне бәрі кіреді, үйді тазалау, ыдыс жуу, дүкенге бару, тамақ жасау, кір жуып оны үтіктеу және балалар сабақтан келгенде олардың үй жұмысын орындауға көмектесу мен одан тыс басқа ойнату уақыттары сияқты ұйымдастыру жұмыстары болып жатады, әрі егер сіз 2-3 балаға қарасаңыз сіз күніңіздің қалай өтетінін елестете беріңіз. Онымен қоса, кешкі асты дайындау бар және ата-анасы үйге келгенше балаларын жуындырып, одан кейін оларды төсегіне жатқызу керек”-дейді американдық отбасының бала күтушісі.

Ал, БҰҰ-ның халық қоры деп аталатын мекеме дайындаған баяндаманың авторлары ДеЛеон сияқты әйелдердің қозғалысын өте мықты бірақ, үнсіз өзен деп атады.

Өткен жылы әйел мигранттар саны 95 млн-ға жетіп, әлемнің Азия мен Африка елінен басқа әрбір аймақта жұмыс іздеген олардың саны ерлердің санынан да асып кеткен. Бірақ, БҰҰ-ның есебіне қарағанда, олардың еңбегіне бұрыннан бері мән берілмей келе жатыр. Ұйымның халық қорының атқарушы директоры Сорайа Ахмед Обайд бұл тұрғыда өзінің БҰҰ-ның мигранттар мәселесі жөніндегі алдағы отырысында қандай да бір әрекеттер жасалады деп үміттенетінін айтқан.

“Олар қазір ғаламдық мигранттардың жартысына дейін жеткен әйел мигранттар санын қарап жатыр. Әзірге олардың құқы мойындалмаған, өйткені олар әдетте бейресми салада жұмыс жасайды. Біз алдағы қыркүйек айының 14-15 күндерінде болатын Бас Ассамблеяның талқылауларында миграцияның жоғары деңгейі мен маңызды мәселелердің бірі- үкіметтер жалпы миграция туралы туралы айтқанда мигрант әйелдердің жағдайын қарау қажеттігі сөз болады”.

Хабарлар ол миграциялық талқылаулар мигрант әйелдер мен олардың отбасына айтарлықтай мүмкіндіктер беретінін айтып отыр. Мигрант әйелдердің қанша екені туралы нақты деректер болмағанымен соңғы баяндамада олардың басқа елде жүріп тапқан табысын үйлеріне жіберетіні, ол өткен жылы шамамен 230 млд доллар болғаны айтылып отыр.

Сонымен қатар, мигрант әйелдер осы жағдайдағы ерлерге қарағанда өздерінің тапқан табысының көбісін еліне жібереді екен. Бұл тұрғыда әр жыл сайын шет елден жұмыс іздеген жүз мыңдаған қыз-келіншек халықаралық жыныстық сауданың құрбандарына айналуда. Ал, өз жерінде қызмет ететіндер ауыр жұмыс істеп, олардың онда қалу құқы турасында жұмыс берушілеріне тәуелді болады. Олардың көбін жұмыс берушілер құлдық жағдайда жұмыс жасатады. БҰҰ өкілі Обэйдтің пікірінше, миграцияны қауіпсіз және әділ жағдайда ұстау үшін елдер бұл мәселеде өзара ынтымақтастық құруы керек. АҚШ-тағы бір отбасында 15 жылдай бала бағушы болып жұмыс істеген Филиппиндік ДеЛеон ол жұмысын тастап, қазір еңбек мигранттарының құқын қорғаушы белсенді болып кеткен.
XS
SM
MD
LG